Газада соғыс құрбандарының саны 30 мыңға жақындап қалды
Соңғы тәуліктің өзінде Израиль армиясының шабуылынан Газа секторында 86 палестиналық мерт болып, 131-і жараланған. Хамас басқаратын анклавтың денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда төрт айда 29 700-ге жуық палестиналық қаза тапты. Ал жараланғандардың саны 70 мыңға жуықтап отыр.
Дегенмен құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі талай адам бомбаланған ғимараттардың астында жатыр.
Израиль әскері Газаға шабуылды қазанның 7 күні хамастықтар еврей мемлекетінің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алғаннан кейін бастады.
Мысыр үкіметінің дерегінше, тараптар осы аптада Дохада кездесіп, атысты доғару мәселесін талқылауы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03