Қостанайда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды
Қостанайда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды. Бұл облыстағы алғашқы, еліміз бойынша алтыншы нысан. Орталық күніне 200 баланы қабылдай алады. Мұнда жүзге тарта маман ерекше балаларды емдеу-бейімдеу жұмыстарын жүргізеді. Орталық орналасқан ғимаратты қайта жаңғыртуға жергілкті бюджеттен 700 млн теңге жұмсалған.
Жобаның әріптестері «Самұрық Қазына» мен «Қамқорлық қоры» мамандарды арнайы курстан өткізіп, орталықты қажетті құрылғылармен жабдықтады. Оңалту-бейімдеу барысында тек дәстүрлі ғана емес инновациялық тәсілдер де қолданылады. Облыс әкімдігі балаларды тасымалдауға екі автокөлік тарту етті.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық–Қазына» АҚ өкілі:
Біздің басты мақсатымыз – халыққа жайлы жағдай жасау. Бұрын басқа қалаға барып ем алса, енді өзі тұратын қалада ем алады. Балалардың тезірек өз қадамын жасап, сөйлеуіне дәрігерлер барын салады. Біз соған үлес қосамыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15