Қостанай облысында мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтері талапқа сай келмейді
Қостанай облысында өрт қаупі жоғары мекемелердегі мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтері талапқа сай келмейді. Аймақта жеке өрт сөндіру бөлімі болуы міндетті 53 мекеме бар. Бірақ солардың 49-ы ғана осындай қызмет түрімен қамтылған. «Оның өзі тек қағаз жүзінде», - дейді мамандар.
Себебі олар төтенше жағдай кезінде шақыру түскенде ешқашан көмекке келмейді. Тіпті өз аумақтарында от тұтанса мемлекеттік өрт сөндіру қызметіне жүгінуге мәжбүр. «Төтенше жағдай қызметінің мамандары кемшілік шұғыл жойылмаса, соңы үлкен апаттарға әкелуі мүмкін», - дейді.
Қайрат Қасым, Облыстық ТЖД басшысы:
Қостанай қаласы соңғы жылдары қарқынды дамып, жылдам өсіп келеді. Бірақ қауіпсіздік шаралары осы өсімге сай болмай тұр. Өкінішке қарай соңғы 50 жылда облыс аумағында бірде-бір жаңа өрт сөндіру бөлімі салынған жоқ. Қазір әр өрт сөндірушінің жүктемесі 280 пайызға жетіп отыр. Бұл тығырықтан шығудың жолы мемлекеттік емес өрт сөндіру бөлімдерін талапқа сай етіп жабдықтау.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08