Жамбылда заңсыз сақталған мұнай өнімі тәркіленді
Жамбылда заңсыз сақталған 245 млн теңгенің мұнай өнімі тәркіленді. 1 800 тонна дизель отынын Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны өзіне тиесілі мұнай базасында сақтап келген. Ал жанармайды ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға сатпақ болған.
Өнімнің қайдан келгені жұмбақ. Өйткені кәсіпкер дизельдің шығарылған тарихы туралы жалған құжаттар жасаған. Есепке алынбаған өнімді экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтады.
Жағыпар Исатаев, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі:
Аграрлы аймақтың 60 пайыз тұрғыны ауылды жерлерде тұратындықтан біз тексеру жұмыстарын күшейтеміз. Өйткені алда көктемгі дала жұмыстары қыза түседі. Шаруалардың сұранысына сай жанармай заңды жолмен жеткізілу керек. Биыл жеңілдетілген жанармайды алуға 1700-ден астам адамнан өтініш түскен. Сұраныс көлемі 10 800 тоннаны құрайды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03