Таразда «Омар ата» базарынан өрт шықты
Таразда «Омар ата» базарынан өрт шықты. Қызыл жалын бүгін таңғы сағат 8:50 де тұтанды. Алайды оны ауыздықтау мүмкін болмай жатыр.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қызыл жалынның қарқыны қатты. Тіпті тілсіз жаудың бықсыған түтіні тынысты тарылтып барады. Өршіген өрт 350 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір мен тұрған базардың орта тұсындағы 5 қойма жанып жатыр. Онда қанша тонна тұрмыстық тауарлар сақталғаны әзірге белгісіз. Қазір өрт аумағы оқшауланғанмен, оны толық өшіру мүмкін болмай тұр. Өрт сөндірушілер 4 сағаттан бері жалынды сөндіруге жұмыла кіріскен. Қазір мұнда 50 шақты адам мен 12 техника жұмылдырылған. Қоймадағы өрт кезінде жарылыс болған. Бұл туралы бізге қалалық төтенше жағдайлар басқармасы жеткізді.
Ербол Әміров, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
Қойманың ішінде қиындық тудырған заттар ол тез жанғыш материалдар мен пиротехникалық бұйымдар. 2-3 рет жарылыс орын алды. Бұл жерде 5 қойма орналасқан, олардың иесі 4 кәсіпкер.
Әзірге өрттің нақты шығу себебі мен шығын көлемі белгісіз. Айта кетерлігі, базар маңында су гидранттары жоқ. Жергілікті билік, гидранты жоқ базарға қалайша рұқсат бергені түсініксіз. Салдарынан мамандар суды көрші базардан тасып әлек. Қосымша ақпараттарды алдағы шығарылымда толықтыратын боламын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07