Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыс барлық салада жолға қойылған
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыс барлық салада жолға қойылған. Әзербайжан Милли Мәжілісінің комитет төрағасы Самед Сеидов, осылай деді. Бұған дейін хабарланамыздай, Бакуде мемлекеттік сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен кездескен еді. Жалпы екі елдің арасында мұнай-газ, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, индустрия сияқты бағыттарда бірлескен жобалар жетерлік.
Самед Сеидов, Әзербайжан Милли мәжілісінің комитет төрағасы:
Қазақстан мен арадағы ынтымақтастықты ерекше байланыс ретінде бағалауға болады. Тамыры мен тарихы ортақ, бағыты мен бағдары, мүддесі мен мақсаты бір елдердің арасында қарапайым ғана әріптестіктің орнауы мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастығы өте жоғары деңгейде қалыптасып отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05