«Люфтганза» бортсеріктері ереуіл жариялады
Германияның «Люфтганза» әуе компаниясының бортсеріктері мен ұшқыштары ереуіл жариялады. Олар басшылықтан жалақыны 15 пайызға көтеруді талап етіп жатыр.
Бұл акциядан ертең Франкфурт, Мюнхен әуежайлары зардап шегіп, 120 мыңдай жолаушы дер кезінде сапарға аттана алмауы мүмкін. Дегенмен, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, «Люфтганза» өзінің биылғы табысына кері әсер етуі мүмкін ереуілге нүкте қою үшін еңбекақыны өсіру туралы жаңа келісім жасауға қарсы емес.
Айта кету керек, пандемиядан кейінгі бұрын-соңды болмаған сұраныстан еуропалық авиациялық кәсіпорындар көп пайда көрді. Бірақ жұмыс күші мен техникалық қызметке шығынның артуынан олардың кірісі көбеймей отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14