Қостанай облысында коммуналдық салаға 40 млрд теңге бөлінді
Қостанай облысында биыл коммуналдық салаға 40 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы негізінен су, жылу, газ желісі тәрізді стратегиялық маңызды нысандарды қайта жаңартуға жұмсалады. Соның ішінде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтуға байланысты 59 жоба бекітілген. Ал жылуға қатысты 15 жоба бар, оған сәйкес 20 шақырым құбыр жөнделеді. 22 нысаннның қазандықтары ауыстырылады. Жоспар толық іске асса, жыл соңына дейін облыста сумен қамту көрсеткіші 90 пайзыға жетіп, жылу желісінің тозу деңгейі 46% төмендеуі тиіс. Әсіресе шағын қалалардың коммуналдық саласын дамыту басты назарда.
Александр Сенчев. Лиасков қалалық жылу орталығының бас инженері:
2024 жылы үшінші су ысытатын қазандықты жаңартуға жобалық сметалық құжат дайындалады. Бұл жоба жоспарға сәйкес 2025 жылы іске асуы тиіс. Сонда тозу көрсеткіші тағы 10% төмендейді. Жалпы жылу желісін қайта жаңғыртудың 2029 жылға дейін кешенді жобасы бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08