Таразда тәркіленген тауарды заңсыз сатқан
Таразда тәркіленген тауарды жасырын сатқан кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты. Алкоголь өнімін заңсыз саудаға салған кәсіп иесі 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Осыдан 4 жыл бұрын кәсіпкер қоймасынан Ресей асып келген 170 мың дана заңсыз шөлмек шығады. Құзырлы орындар, құжаты жоқ ішімдіктерге қатысты іс қозғап, сатуға тыйым салады. Алайда, қоймаға қара құлып салынғаны кәсіпкерге кедергі болмайды. Ол мөрленген есікті астыртын ашып, шөлмектерді шетінен сатып отырады. Тіпті, сот орындаушыларынан келген ескертулерді елемей, жасырынып жүрген. Енді сотталған саудагер, заңсыз тапқан 110 млн теңгені мемлекетке өндіріп бермек.
Әлима Дәлішова, Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры:
ҚК 425 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15