Елордада халықаралық электрбайланыс одағының өңірлік форумы өтіп жатыр
Елордада ТМД өңіріндегі даму мәселелері жөнінде Халықаралық электрбайланыс одағының өңірлік форумы өтіп жатыр. Жиынның басты мақсаты - цифрлық технологияларға тұрақты қол жеткізіп, смарт шаһарларды дамыту. Бүгін киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау тақырыбында панельдік сессиялар өтеді. Басқосуда Цифрлық даму министрі бұл жиын еліміздегі табысты кейстерді қалыптастырып, цифрлы дипломатияның алға басуына септігін тигізеді деп атап өтті.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық Даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Біз елді өңірдегі цифрлы хаб ретінде қалыптастыру аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біз осындай жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде ел үшін қолайлы және сапалы өмір сүру жағдайларын жасайтын тиімді және қолданбалы ұсыныстарды қолдауға әрқашан ашықпыз және дайынбыз. Біз бірге сын-қатерлерді еңсеріп, елдеріміздің цифрлық технологиялар әлеуетін іске асыра аламыз.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19