Таразда субсидия қаржысын қалтасына басқан
Таразда субсидияға бөлінген қыруар қаржыны қалтасына басқан алаяқ 7 жылға сотталды. Түркістан облысының тұрғыны 40 қожалыққа тиесілі 340 млн теңгені жеке басына жұмсаған. Ол әуелі шаруаларға өзін аграрлық кәсіпорын басшысы ретінде таныстырған. Сөйтіп картоптың сирек сұрпын жеткіземін деп сендіреді. Тұрғындар арзан тұқымды алу үшін элеткронды құжаттарын өткізген. Артынша, 36 жастағы алаяқ субсидия порталы арқылы өтінім береді. Ал аударылған ақшаны өзге шоттан шешіп отырады. Ол жымысқы жоспарын 3 жыл бойы жүзеге асырып отырған. Бұл іске туыстарын да тартқан.
Жағыпар Исатаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі:
Алданғандар қатарында үш облыстың тұрғындары бар. Шаруалар шынымен сенім білдіріп, тұқым келеді деп күткен. Бірақ алаяққа алданғандарын кеш түсінеді. Жалпы есепте 350 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырып отыр. Ал оның 40 млн теңгесіне тыңайтқыш алу керек болған.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03