Қостанай облысында жол салып, әуежай ашу керек – Мәжіліс депутаты
«Су тасқыны Торғай өңірінің инфрақұрылымы тұралап тұрғанын көрсетті». Табиғи апаттан зардап шеккен аймақты аралап жүрген Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл осылай деді.
Өңірде теміржол жоқ, әуежай жоқ. Сондықтан төтенше жағдай кезінде авиацияны пайдалану шығыны еселеп көбейеді. Аймаққа сапары барысында депутат тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, олардың талап тілектерін тыңдады. «Бұл табиғи апат көптеген олқылықтың бетін ашты. Сондықтан Үкіметтің алдына шұғыл шешілуі тиіс бірнеше міндет қоямыз», - деді депутат.
Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біріншіден, Астанадан осы өңірге тура тасжол салу керек. Екіншіден, әуежайды қалпына келтіру керек. Біз қажетті заттың бәрін Қостанайдан жалғыз жолмен әкеп жатырмыз. Ол жолға бірдеңе болса бүкіл өңір қалған республикадан кесіліп қалады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15