Қостанай облысы Жангелдин ауданына баратын жолды су басты
Қостанай облысында Жангелдин ауданынын сыртқы әлеммен байланыстырып тұрған жалғыз жол жабылды. Тағы бірнеше бағытта қатынас шектелді. Қауіп әлі сейілмей тұр. Меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібек баяндайды.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Біз су басқан жолдан соңғылардың бірі болып өттік. Арқалық Торғай тасжолын Жаркөл ауылының тұсынан бірнеше жерден су басқан. Ең ұзын жері көзбен қарағанда үш жүз метрдей болады. Біз өткесін іле бұл бағыттағы қозғалыс тоқтады деген хабарлама келді. Жаркөл ауылының өзіне де кешеден су кіріп жатыр. Қазір 15 шақты үй суда тұр. Бірталайы құлап жатыр. Адамдар мал-мүлкін, құжаттарын сақтап қалуға тырысуда. Балалар мен қарт кісілер, әйел адамдар эвакуацияланған. Жалпы облыс бойынша мыңнан аса адам қауіпсіз жерге жеткізілген. Қазір біз тұрған Аманкелді ауданының орталығында жағдай тұрақты. Бірақ су деңгейі аса төмендеген жоқ. Бұл жақта да үйлеріне су кірген елдімекендер бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53