Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Бірінші мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады . Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланбақ. Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Менің ойымша, министрлік қызметкерлері мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесіп қазақстандықтарға бағдарламаның шаттары туралы толық ақпарат беретін баспасөз-мәслихатын өткізеді. "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. Сондықтан, жаңа бағдарламада жеңілдетілген несиеге автокөлік алу бағдарламасы сияқты мәселе туындамайды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14