Басты Жаңалықтар «Bek Air» ұшағына қатысты тергеу ісі аяқталды

«Bek Air» ұшағына қатысты тергеу ісі аяқталды

Бес жылға жалғасқан «Bek Air» тергеуі аяқталды. Алматы маңында апатқа ұшыраған компания ұшағына қатысты бас-аяғы 4 мың тергеу әрекеті жүргізілді. Бұл туралы бүгін Көліктегі полиция департаменті хабарлады.Әуе апатына қатысты тыңғылықты тексеріс жүрді. Оқиға орны мен компанияға қатысты 2 мың рет тексеру тобы барған. Ал ұзын-саны 1350 адамнан жауап алынған. Тергеу ісіне Бельгия, Германия, Люксембург және Нидерланды елдері де ат салысты. Қазір іске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанында Алматы әуежайында «Bek Air» әуекомпаниясының «Fokker-100» ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан болатын. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен.


 Данияр Әлімқұл

Бөлісу