Сергеев су қоймасы 180 пайызға толды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасының жағдайын тексерді.
Мамандардың айтуынша, су торабы қуатының шегінде жұмыс істеп тұр. Нысан 180 пайызға толған. Деңгейі бұрын соңды болмаған межеге жетті. Бөгет үстінен ағып жатқан судың биіктігі 4 метр 20 сантиметр.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі тікұшақпен Есіл өзенін бақылады. Өзен арнасынан асқан жағдайда су басудың алдын алу және залалды азайту үшін Петропавл қаласының маңындағы бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар тексерілетін болады. Олжас Бектеновтің тапсырмасымен теріскейге 300 әскери, 400 курсант көмекке аттанды. «Президент су тасқынымен күреске барлық күшті жұмылдыру міндетін қойды» деп атап өтті деп атап өтті Премьер-Министр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08