Солтүстік Қазақстанға 5 облыстан құтқарушылар көмекке барды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Покровка ауылына су кіріп жатыр. Жаңа келіп түскен мәлімет бойынша, тұрғындарды шұғыл эвакуциялау жұмысы басталды. Жалпы өңірдегі жағдайды әріптесім Эльмира Каленовадан білейік. Эльмира сіздерде рессурс жеткілікті ме ?
Эльмира Кәленова, тілші:
Біздің өңірге Түркістан, Қарағанды, Алматы, Павлодар және Ұлытау облыстарынан құтқарушылар мен әскерилер келді. Облыс орталығындағы құрылыс компанияларының жұмысшылары мен техникасы да тасқынға қарсы шараларға жұмылдырылып жатыр. Өңірдегі негізгі гидрологиялық нысандардың бірі Сергеев қоймасы 182 пайызға толды. Бөгет үстінен ағып жатқан судың деңгейі 4 метр 25 сантиметрден асты. Нысан 1969 жылы салынған. Содан бері мұндай көрсеткіш бірінші рет тіркеліп отыр. Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласына тасқын қаупі төніп тұр. Табиғи апаттың алдын алу мақсатында Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазір Тепличное және Прибрежное ауылдарында бөгеттер нығайтылып жатыр.
Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Тасқын басталғалы облыста 40 үйге су кірді. 13-інің иелері өз баспаналарына оралды. Уәлиханов, Тайынша, Ақжар аудандарында жағдай тұрақталды. Сергеев су қоймасынан шыққан су Петропавл қаласына қарай келе жатыр.Есіл жағасында орналасқан елді мекендерде эвакуация жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында да табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03