Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында төтенше жағдай жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Покровка ауылына су кірді. Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 539 сантиметрге көтерілді. Қарғын су 30 шақты үй мен аулаға жайылған. Тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды. Тасқынға қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатында ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Эльмира Кәленова, тілші:
Тұрғындар қорадағы мал-құстары мен үйіндегі бағалы заттарды алып шығуға барыншы тырысып жатыр. Оларға құтқарушылар жәрдемдесуде.
Дархан Сәлкен, Есіл ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы:
Үйлерге барып, қандай көмек керек екенін анықтап, сол кісілерге көмек көрсетіп жағдайдамыз. Алдын ала ескерту жасалды, тұрғындарға. Кейбіреулері келісіп жатыр, кейбіреулері келіспей жатыр. Келіспегендердің енді міне, көріп тұрсыздар, қазір зардабын шегуде.
Эльмира Кәленова, тілші:
Бұл төрт түлікке арналған эвакуациялық пункт. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі мал базынан орын берген. Ол тасқынның беті қайтқанша ауыл тұрғындарының малын жем-шөппен де қамтамасыз етеді.
Бибігүл Ермекбай, Покровка ауылдық округінің әкімі:
Бұл ауыл шаруашылығы колледжінің ғимараты. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды осында орналастырып жатырмыз. Ыстық тамақ беріледі. Қажеттінің барлығы бар.
Эльмира Кәленова, тілші:
Кеше Есіл өзенінде Покровка ауылының маңында мұз кептелісі тіркелген болатын. Мамандардың айтуынша, дәл осы құбылыс су деңгейінің күрт көтеріруіне себеп болған. Топан су апта соңына дейін облыс орталығына жетеді деген болжам бар.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03