Қостанай облысында тасқын судан зардап шеккен 587 адамға әлеуметтік өтемақы төленді
Қостанай облысында тасқын судан зардап шеккен 600-ге жуық азаматқа, бір реттік әлеуметтік көмек берілді. Оның көлемі 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 600 теңге. Ол отбасының әр мүшесіне төленеді. Бұл қаражат азық-түлік, киім-кешек, және тұрғын үйді жалға алу сияқты күнделікті өмірге қажеттіліктерді өтеуге арналған. Зардап шеккендерге бюджеттен тыс тағы да, 32 миллион теңге сомасында көмек көрсетілді. Ал шеккен шығынды өндіру үшін күні бүгінге дейін азаматтардан 307 өтініш қабылданған. Қазір шығын көлемін анықтау, бағалау жұмыстары жүріп жатыр.
Алма Жүсіпова, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:
Бірінші кезекте жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен мал шығыны өтеледі. Одан кейін тұрмыстық бұйымдар, жиһаз бен басқа да дүниелерге келген залал есептеледі. Жалпы зардап шеккендердің ешқайсы назардан тыс қалмайды. Бәріне көмек беріледі.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53