Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 10 елдімекендегі 159 үйге су кірген. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова эвакуациялық пункттердің бірінен тікелей байланысқа шығып тұр. Эльмира, тұрғындардың жағдайы қалай?
Эльмира Кәленова, тілші:
Өңірде 15 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға мұнда 3 мезгіл тамақ беріледі. Олар барлық керек-жарақпен қамтылған. Жалпы өңірдегі жағдайға тоқталсам, қала маңындағы электр бағандарын мұз көшкіні қиратып кеткен. Салдарынан мамандар Қызылжар су мекемесінің сорғысын электр қуатынан ажыратуға мәжбүр болды. Қазір қаланың басым бөлігінде су жоқ. Судың жоқтығы әсіресе эвакуациялық пункттерде орналасқан тұрғындар үшін қиынға соғып жатыр. Дүкендерде де су тапшы. Коммуналдық компания эвакуациялық пункттер мен көпқабатты үйлерге арнайы көліктермен су жеткізілетінін айтты. Біз эвакуациялық орталықтағы тұрғындардың жағдайын біліп, тілдескен едік.
Байғазы Артықбаев, Бәйтерек ауылының тұрғыны:
Эвакуация болып, школға келдік. Школда жаман емес. Кішкене малға қиын болып тұр. Жылқы, сиырды апардық. Қой мен бұзауға орын жоқ. Главный мал мен жан аман қалса, қалған нәрсе болады ғой.
Любовь Клишина, Заречный кентінің тұрғыны:
Өмір бойы жиған-тергеніміз суға кетті. 10-нан артық тауығым бар еді. Торға салып, қораның төбесіне шығарып кеттік. Өзім Заречный кентінде тұрамын. Мана барып, жем салмақ болдық. Полиция қызметкерлері үйге жібермеді. Елдімекенге кіруге рұқсат жоқ.
Сергеев су қоймасынан шыққан су Петропавлға келіп жатыр. Қазір Есіл, Қызылжар аудандары мен облыс орталығында жағдай күрделі. Саяжайларды басқан су тұрғын үйлерге қарай жақындап келеді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08