Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қоланы қоржынға салды
Анастасия Панасович Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді. 72 келіде белдескен Анастасия үшінші орын үшін өзбекстандық Озода Зарипбоеваны айқын басымдықпен жеңді. Осылайша бұрымды балуанымыз әйелдер күресі бойынша ел қоржынына төртінші жүлдені салды. Бұған дейін 57 келіде өнер көрсеткен Лаура Алмағамбетова мен 59 келі салмақта белдескен Диана Каюмова және 76 келі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова қоладан алқа таққан болатын.
Анастасия Панасович, Әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері:
Мен үшін бұл ересектен алғашқы алтын Азиядан, сондықтан мен үшін өте жақсы өтті деп олаймын.
Айта кетейік, бүгін-ертең құрлықтық додада еліміздің грек-рим шеберлері боз кілемге шығады. Тікелей трансляцияны «Qazsport» арнасынан тамашалауға болады.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14