Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойды. Енді әйелге қол көтеріп, балаға зорлық қылғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұдан бөлек, педофилдер өмір бойына сотталады. Ал суицидке итермелегендер 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Самал Қабышев, тілші:
Енді әйелді ұрғандар қылмыстық жазаға тартылады. Денесіне жеңіл жарақат салсаңыз, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейсіз. Бұл дегеніміз 738 мың теңге. Немесе, жауапты 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Не болмаса 50 тәулікке қамауға алынады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Неге, өйткені тұрмыстағы қоқан лоқы, жәй ғана кикілжің, осы ұрып-соғу күш көрсетуден басталады. Бұл әрине латентті басталады. Барлық зерттеуді қарайтын болсақ. Ол жүйелі осылай алдын алмайтын болса, соңы адам өліміне алып келеді. Сондықтан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің жазасы қатаңдатылды. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып есептеледі.
Самал Қабышева, тілші:
Денсаулыққа орташа зиян келтіргендер 2 жылға дейін, ал ауыр жарақат салғандар 3 жылдан 8-жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал, педофилдер өмір бойына темір торға қамалады. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелегендер 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Насихаттағандар да қылмыстық жазаға тартылады.
Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Сонымен қатар буллингке қарсы жауапкершілік көзделген. Және баланы автобустан шығарып тастау үшін жауапкершілік көзделген. Буллингке қатысты бап бойынша,егер осы әрекеттерді бала жасаса, ата-ана жауапкершілікке тартылады.
Самал Қабышева, тілші:
Ал заңгер, адвокат Айман Омарова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заңда қоғамның талабы басты назарға алынғанын айтады. Құжатқа өзгерту мен толықтыру енгізу үшін сарапшылар мен білікті заңгерлер атсалысқан.
Айман Омарова, адвокат:
Ұру-соғу деген оңай болып кетті. Ұрып-соғудың артында не тұрғанын білмейді, кейбіреулер. Олар ойлайды, бір рет ұрды, екі рет ұрды. Көбіне қыздарын зорлағандардың көбі алдымен әйелін ұрып-соғып, содан басталады.
Самал Қабышева, тілші:
Президент қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға сәйкес, енді зардап шеккендерге арналған отбасын қолдау орталықтары ашылады. Сондай-ақ мектептерде балаларды буллинг, кибербуллингтен қорғау үшін мейірімділікке баулитын арнайы бағдарлама әзірленеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08