Жаңа сорғы станциясын салу қажет
Петропавл халқын ауыз сумен қамтып отырған Қызылжар су мекемесінің сорғы станциясын жаңадан салу қажет. Бірнеше күннен бері суда тұрған нысан жөндеуге келмейді. Солтүстік Қазақстандағы әріптесім Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, қалада су тапшылығы әлі де бар ма?
Эльмира Кәленова, тілші:
Мынау Қызылжар су мекемесінің ғимараты.Жанындағы үйлерді де су басып қалды. Бүгін брифинг өткізген қала әкімі алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Мамандар есебінше стратегиялық нысанға тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Қызылжар су мекемесінің сорғы станциясы Прибрежное ауылында орналасқан. Нысан толықтай судың астында қалды. Қазір тұтынушыларға беріліп жатқан тіршілік нәрі Пестрое көлінен алынып отыр. Алайда оның сапасы тұрғындардың көңілінен шықпады. Дүкендерде сатылатын құтыдағы су тапшы. Цистернамен басқа елді мекендерден әкелініп жатқан суды алу үшін көпшілік ұзын-сонар кезекке тұрады. Тұрғындарға беріліп жатқан тсудың сапасы жөнінде мамандардың өзінен білсек.
Толқын Қаженова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
- Қалаға беріліп жатқан су тексерілді ме? Сараптама нәтижесі не көрсетті?
Бүгін су басқан үйлер саны 2500-ге жақындады. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 15 ауылға әлі де тасқын қаупі төніп тұр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08