Қазгидромет: 3 күннен соң Жайықтың деңгейі қауіпті межеден 1 метрге аса түседі
Өңірде жағдай күрделі. Себебі сәуірдің 25-26 күндері Оралдағы Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеден бір метрге дейін аса түседі. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш «Қазгидрометтің» болжамына сілтеме жасай отырып хабарлады. Оның айтуынша, қазір Орал қаласы тұсындағы Жайықтың деңгейі 8 метр 63 см, яғни қауіпті межеден 13 см-ге асқан. Ал Көшім ауылы тұсындағы деңгейі қауіпті межеден 4 см-ге жоғары. Жалпы, қазір Жайық суының көтерілуіне байланысты өзенді бойлай орналасқан 84 елдімекенге төнген қауіп орасан. Сондықтан да тұрғындарды эвакуациялау мен Жайықтың жағасын көтеру сияқты жұмыстарға қосымша күш жұмылдырылған.
Нұржан Төлеуіш, БҚО ТЖД ресми өкілі:
Орал қаласы және облыстық 4 ауданы бойынша жұмыстарға жұмылдырылды. Мына Жайықтың жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қалыңдату, қапшықтарды төсеу, толтыру жұмыстары, сонымен қатар халықтарды құлақтандыру, үйлерді аралау, уақытынан бұрын эвакуациялау жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57
Шымкенте жол ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіге жүктеген тұрғын қамауға алынды
14.08.2026, 09:56
Жапонияның Тиба префектурасында тасқыннан 4 адам қаза тапты
14.08.2026, 09:55