Қостанай облысында 776 мың гектар жерге шегіртке қаптауы мүмкін
Биыл Қостанай облысында 800 мың гектарға жуық алқапқа шегіртке қаптауы мүмкін. Мамандар болжамы осындай. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Кеселдің алдын алу үшін өңірде зиянкестің өніп шығатын ошақтарын анықтау жұмысы жүріп жатыр. Ғалымдар шегірткенің 11-12 жылда осылай көбейетінін айтады. Ғаламдық жылынудың да әсері бар. Қазір алқаптарды химиялық өңдеуге дайындық жүріп жатыр. Шегіртке миграциясына жол бермеу жөнінде шекаралас өңірлермен келісім жасалап, бірлескен іс-шара жоспары бекітілген.
Тілек Төлебаев, облыстық аумақтық инспекцияның бөлім басшысы:
Республика қазынасынан барлық облыстарға шегірткеге қарсы күреске 8,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қажетті көлемде химикаттар алуға, өңдеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Қазіргі кезде пестицидті жеткізу және химиялық өңдеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмысы аяқталуға таяу.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08