Бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалады
Мәжілісте кейбір экономикалық қылмыстарға жазаны жеңілдетуді көздейтін заң жобасы таныстырылды. Онда қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтары қорғалады. Қылмыстық кодестің 4 бабына өзгеріс енгізіледі. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл заң жобасы қысқа болғанымен салмағы мен пайдасы бар. Себебі, кәсіпкерлердің жұмысына құқық қорғау органдарының негізсіз әрі заңсыз араласуына жол бермейтін өзгерістер енгізілмек. Оның ішінде заңсыз несие алу және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу бойынша қылмыстық жауапкершіліктерді алып тастау деді депутат.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қылмыстың жауапкершілікті мүлдем жойып отырмыз, неге десеңіз, егер кәсіпкер салықтан көрінеу жалтарған болса оған тиісті қылмыстық кодексте жауапкершіліктер бар. Жазасыз қалмайды. Ал бухгалтердің қателігі үшін үлкен кәсіпорындар жауап бермеуі, зардап шекпеуі керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18