Кенияда 11 мыңнан астам үйді су басты
Кенияда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 11 мыңдай үйді су басып, бірнеше мың адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Жалпы алғанда, тасқыннан 40-қа жуық адам қаза тапты. Елдің метеорология департаментінің хабарлауынша, жауын әрі қарай жалғасады. Сондықтан төмен жерлерде қоныстанған халық биік жерлерге көшуі керек. Кениялықтарды нөсер жаңбырға дейін бірнеше ай бойы қуаңшылық қыспаққа алған еді. Тіпті соның салдарынан елді ашаршылық жайлай бастаған болатын. Ғалымдардың ойынша, елде жауын-шашынның күшеюіне Үнді мұхитының батысында ауа температурасының көтерілуі себеп болса керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14