Ауғанстанда су тасқынынан 315 адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстігінде су тасқынынан 315 адам қаза тапты. Тағы 1600-ден астамы жараланған. Мұны Бағлан провинциясының әкімшілігі хабарлады. Мыңдаған үй қирап, талай малды су алып кеткен. Жергілікті тұрғындар азық-түліксіз, баспанасыз қалғандарына шағымданып жатыр. ЮНИСЕФ-тің дерегінше, құрбандардың ішінде 51 бала бар. Ал «Балаларды құтқар» қайырымдылық ұйымы су апатынан қатты зардап шеккен төрт ауданда 600 мыңдай адамның тұрып жатқанын мәлімдеп отыр. Өткен айда Ауғанстанда дәл осылай жауған жаңбырдан кейінгі тасқыннан 70 адам қаза тапқан еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03