Көкшетауда операция онлайн режимде көрсетілді
Көкшетау қаласында дәрігерлер төрт адамға күрделі ота жасады. Операция онлайн режимде өңірдегі барлық емдеу мекемелеріндегі мамандарға тікелей көрсетілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған білікті дәрігерлер ота жасаудың үздік әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, медицинаның соңғы жетістіктерімен таныстырды. Мұндай шеберлік сағаттары «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өтті. Екі күнге жоспарланған шараға 250-ден астам білікті дәрігер қатысып жатыр. Сондай-ақ, мамандар тұрғындарға тегін кеңес беріп, ем-дом көрсетуде.
Абай Мақышов, хирург-онколог:
Сұрақтар көп болды. Қандай операция жасалды, қалай жасалуы керек екендігін сол операцияның керекті жерлерін дәрігерлерге операция үстінде көрсетіп, айттық. Екі күн бойы ауруларды көріп, обход жасап, ұсыныстар жасап, семинар өткізіп жатырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04