Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды
Маңғыстау өңірінің басшылық құрамы жаңарды. Бүгін облыс әкімінен бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаменті, прокуратура басшылары ауысты. Облыс әкімі лауазымына Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды. Ол осы Маңғыстау облысының тумасы. Бейнеу ауданында дүниеге келген. 46 жаста. Жаңа әкімге Маңғыстау облысы таңсық емес. Себебі, ол облыс әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамының бас директоры болды.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
ҚР халқының, Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерімді жұмсауға, Мемлекеттің Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан Халқына адал қызмет етуге салтанатты түнде Ант етемін.
Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Серік Әміров, облыс прокуроры лауазымына Айдос Майлыбаев тағайындалды. Өңірдің полиция департаментін Сағындық Аяғанов басқарады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08