ШЫҰ делегаттары олимпиадалық даярлау орталығын аралады
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорт кешенінің жұмысымен танысты. ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналатын инфрақұрылым халықаралық стандарттарға сай салынған. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады. Шара аясында туризм және спорт министрі мен қонақтар орталық аумағында ағаш отырғызды.
Гао Чжидань, ҚХР Бас мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:Бүгін Қазақстанда жаңадан салынған спорт нысанын аралап көрдік. Көңілімізден шықты. Бұл орталықта ел спортының дамуына барлық мүмкіндік жасалған екен. Осы жерде жаттыққан спортшылар әлемдік спорт аренасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел намысын қолдан бермейді деп сенеміз.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14