Шымкентте 10-нан астам нысанның аумағы тазаланды
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы бүгін де жалғасты. Шаһар жұртшылығы көп болып жұмылып, Бадам өзенінің бойы, орталық саябақ пен «Қасірет» мемориалының аумағын тазартты.
Бір кездері Шымкенттің шыға берісі саналған бұл жерді жұрт «Албасты сай» деп атайды. Көне көз қариялардың айтуынша нақақтан жала жабылып, халық жауы атанғандар жендеттің жетегінде келіп, кері қайтпаған. Жылда қала халқы осы «Қасірет» мемориалына жиналып, бабалар рухына тағзым етеді. Құрбандарды еске алу күні қарсаңында тазалық жұмыстары мұнда да жалғасты.
Мария Асқарова, Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры:Оңтүстік өңірде 7,5 мың адам қуғын сүргінге ұшырайды да, оның 2, 5 мыңы атылады. Олардың не аты жазылмаған, не қабірі қойылмаған. Бұл жер - азалы да қасиетті жер.
Орталық саябақ күн ысыған кезеңде жұртшылықтың сая іздеп, тыныстау үшін жиі келетін орны. Бұл күні көптің күшімен мұндағы аяқжолдар, ойын және спорт алаңшалары тазаланды. Ағаштардың түбі әктеліп, артық өскіндер қырқылды. Орындықтар мен денешынықтыру үшін қойылған темір құралдар боялып, сырланды.
Сенбек Битайұлы, қала тұрғыны:Тазалық деген тек үйдің айналасы емес. Әрбір адам өзінің санасын тазарту керек. Әр адам мәдениетті болуы үшін айналасын таза ұстауы керек үйде де, адамның өзінің жан дүниесін.
Тазалық акциясы кезінде Бадам өзенінің бойы да күл-қоқыстан тазарып, арнасы ашылды. Жағалауындағы серендеу алаңдары ретке келтірілді. Бұл жұмысқа 200-ден астам адам қатысты.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15