Қостанайда трактор кабиналарын дайындайтын желі ашылды
Қостанайдағы трактор жасау зауыты бұған дейін тек дайын бөлшектерді құрастырып келген еді. Енді техниканың кабинасы осы жерде дайындалатын болды. Бұл жобаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Өндіріс алаңы 10 мың шаршы метрге кеңейтілді. Дәнекерлеу роботтары, лазерлік кешендер, роботты праймер және ұнтақ бояу желісі тәрізді жаңа технологиямен толықты. Жаңа желіні іске қосу арқылы тағы да 100 жұмыс орны ашылады, бюждетке түсетін салық көлемі ұлғаяды. Өнімнің отандық үлесін арттыру әрі қарай жүйелі түрде жалғасады.
Валентин Дашкеевич, зауыттың бас директоры:
Өндірістің қуаты жылына 10 мың кабина жасауға жетеді. Бірақ біз бұл межеге тек 2026 жылы шығуды жоспарлап отырмыз. Кабиналарға қажет шикізатқа отандық өнімдерді пайдаланамыз. Әзірге тек құрастырумен айналыссақ, келешекте бірқатар бөлшектерді құюды қолға аламыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53