Тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді
Елімізде тасқыннан қырылған малдың 98 пайызына өтемақы төленді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенат қабырғасында мәлімдеді. Оның айтуынша тасқыннан жалпы ел бойынша 12500-ден астам мал қырылған. Олардың иелеріне өтемақы төлеу жұмыстары аяқталып қалды. Тек 237 мал басы бойынша төлем әлі төленбеген. Бұл шаруа министрліктің қатаң бақылауында деді вице-министр. Ал 12 мың 500-ден астам малдың қырылуы ет пен төрт түліктің құнына әсер ете ме? Аманғали Бердалин бұл сұраққа былай жауап берді.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:9 миллионға жуық ірі қарамыз бар. 27 миллионға жуық қойымыз бар. 4 миллионға жуық жылқымыз бар. Басқасын есептемеген уақытта жаңағы 12 мың бас бір проценті де болмайды. Сондықтан ешқандай әсері жоқ.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12