Алматы әуежайында жаңа терминал ашылды
Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарға сапарын нысанды аралап көруден бастады. Әуежай соңғы технологияларды пайдалана отырып, халықаралық стандарттарға сай салынған. 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсететін қауқары бар. Жаңа терминал Орталық Азияда бірінші болып, экологиялық стандартқа сай екендігін растайтын сертификат алады. Ескі терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетіп, жұмысын жалғастыра береді.
Серкан Каптан, «TAV Airports Holding» компаниясының бас директоры:
Бүгін айтулы күн. Өйткені Алматы әуежайынан алғашқы ұшақ ұшқанына 100 жыл толып отыр. Мінеки, енді жаңа терминал ашылып жатыр. Бұл Алматыны, Қазақстанды Орталық Азиядағы хабқа айналдырады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Ескі терминалды ішкі рейстер үшін күрделі жөндеуден өткіземіз, ұшу-қону жолақтарын да жаңартамыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08