Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті. Енді ол 14,75 пайыз емес, 14,50 процент. Яғни 0,25 пайызға азайып отыр. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұған елімізде инфляцияның төмендеуі себеп. Мәселен, сәуірде инфляция 8,7 пайызға дейін төмендеген. Ақылы қызметтер мен азық-түлік айтарлықтай қымбаттаған жоқ. Тіпті кейбір позициялар бойынша бағаның төмендеуі байқалады, деді Ұлттық банк төрағасы. Оның айтуынша, бұл базалық мөлшерлемені бұдан әрі байыппен төмендетуге жағдай жасайды.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Оның үстіне айлық инфляция ол да өте маңызды көрсеткіш. Ол да 0,6% құрады. Өте жақсы көрсеткіш біздің болжамымызға сәйкес. Сондықтан бізге осы раундта осындай мүмкіндікті беріп отыр. 0,25 % төмендеттік. Байыппен жүрміз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12