Заңсыз шығарылған 325 млрд теңгенің активі елге қайтарылды
Заңсыз шығарылған құны 325 млрд теңгенің активі биыл елге қайтарылды. Оның ішінде ақшадан бөлек, акциялар, жер телімдері, Алматы қаласында орналасқан ғимарат пен бағалы зерлерлік бұйымдар бар. Бұл Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мен Бас прокуратура жанынын құрылған комитеттің бірлескен жұмысының жемісі. Айта кетейік, халық еншісінен желінген осы миллиардтарды елге қайтару үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтыр заң қабылданды. Сонымен қатар Бас прокуратура жанынан арнайы комитет құрылған еді. Сарапшылардың айтуынша заңсыз шығарылған капиталды елге қайтару оңай шаруа емес. Оны жеделдету үшін шет мемлекеттермен үкіметаралық келісімдерге келу қажет. Бұл активтерді қайтару ісін шапшаңдатады. Әрі қаржыны оффшорға жасырған адамдармен келісімге келу де маңызды дейді.
Қайырбек Арыстанбеков, экономист:Бұл жерде Үкімет пен жаңағы бенефициар дейміз ғой, активтің иелерімен контрагенттермен келісімге келу керек. Үкімет кепілдік беруі керек жазаға тартпайды. Бірақ жаңағы капитал ұлттық экономикаға құйылса, меніңше сондай ымыраға келу керек. Сонда ел де ұтады. Жұмыс орыны ашылады. Қаржы тұрақтайды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
26.12.2025, 20:58
Мектептерде 124 стоматологиялық кабинет ашылды
26.12.2025, 20:56
МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.12.2025, 20:54
Әуе компанияларына бақылау күшеюі мүмкін
26.12.2025, 20:46
Тауда жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
26.12.2025, 20:44
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
26.12.2025, 20:42
Алматыда ай сайын 2,5 мың тоннаға жуық қалдықты пайдаға жаратады
26.12.2025, 20:40
Дәуір көшіп барады...
26.12.2025, 20:38