Астанада халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары қаралды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанада адам құқықтарын қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Бүгінгі таңда елімізде 300 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті бар. Оның басым бөлігі азаматтардың құқығын қорғауға арналған. Бірақ, оны қолдана алмайтындар көп. Яғни, халықтың құқықтық сауатталығы төмен, дейді заңгерлер. Осы мәселені бүгін Конституциялық және Жоғарғы сот, Бас прокуратура мен түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері талқылады. Олардың айтуынша, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңды және оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында арнайы сарапшылар тобы жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, нәтижесі көңіл көншітпейді.
Рамазан Сәрпеков, «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РММ директоры:
Біз заңның бар екенін басымызға күн түскен уақытта, қиналған уақытта іздей бастаймыз. Ағайынды, танысты, адвокат, заңгер іздейміз деген сияқты. Адвокаттардан тыс «Заңгерлер ұйымы» деген бар. Құрамында 1000-нан астам кәсіби заңгер бар. Солардың бәрі адамдарға құқықтық көмек көрсетуге құқылы. Соны біз пайдалануымыз керек.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15