Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады
Бүгін Сенат депутаттары «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады. Енді жаңа құжатқа сәйкес, журналистерге жалпы БАҚ саласына қатысты көптеген өзгеріс енгізілді. Әріптесім Самал Қабышева сенаттан тікелей эфирге шығып, ақпарат беруге дайын.
Самал Қабышева, тілші:
Жаңа заңның жаңалығы енді журналисті қалаған уақытта жариялаған материалы үшін сотқа бере алмайды. Бұрынғы заңда тілшінің шығарған материалына 20 жыл өтсе де, шағымдануға болатын. Енді, ондай шексіз уақыт берілмейді.Талап қою мерзімі бір жылға белгіленді. Материал жарияланған күннен бастап бір жылдың ішінде шағым түсіруге болады. Ал, ол уақыт өткеннен кейін сотқа ешкім жүгіне алмайды. Шағым қабылданбайды. Жаңа заңға сәйкес, енді мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына да отандық контентті дамыту үшін гранттар беріледі. Айта кетейік, осы «Масс-медиа» туралы заңнан «баспасөз картасы» мүлдем алынып тасталды. Себебі, бұл талап журналистерді алалайды, ақпаратты барлығына тең бермейді деп дау туғызған болатын. Енді, «баспасөз картасы» мүлдем болмайды.
Ал «Бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «Масс-медиа» сөзіне ауыстырылды. Енді бізді «МАСС-МЕДИА» өкілдері деп атайды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15