Еліміздегі ең үздік велотрек кешенінде жаттығу орталығы ашылады
Астанадағы спорт нысанында Азия елдерінің кәсіби, әуесқой велошабандоздары келіп, тың тәжірибесімен бөліседі. Бұл туралы Азия велоспорт федерациясының өкілдері айтты. Кездесуде Азиядағы тас жол велоспортын дамыту бойынша кешенді бағдарлама құру ұсынылды.
Сондай-ақ, Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары сияқты ауқымды спорттық іс-шараларға Азия құрлығынан комиссиар тағайындауды қозғады. Бұл кәсіби спорттың дамуына қуатты серпін бермек, деді ұйымдастырушылар.
Райымбек Баталов, Қазақстан велоспорт федерациясының төрағасы
Біз велоспорт бойынша Азия елдері арасында көш басында тұрмыз. Алдағы уақытта спорттың басқа да түрлерінен алда болып, мотокросс, фристайл секілді салаларды дамытамыз деп сенемін. Сондай-ақ, «Астана» командасының спортшылары әлем велошабандоздарымен бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға әрқашан дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14