Президент тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау ісін жеделдетуді тапсырды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Бүгінде 64 мыңнан астам адам, өз үйлеріне оралған. Табиғат апаты кезінде жалпы 12 мыңға жуық тұрғын үй мен 5300-ден астам саяжайды су басқан. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 16 700-ден аса үй тексеруден өткен. Оның ішінде 15 500-ге жуық нысанды бағалау жұмыстары аяқталды. Бүгінде нарықтан 1800-дей пәтер мен үй сатып алу үшін келісімшарттар жасалған. Қазіргі уақытта, төрт жарым мың отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру мақсатында 57,4 миллиард теңге өтемақы алды. Жалпы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 миллиард теңге қажет.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03