Ақтөбеліктер қала аумағынан 120 тонна қоқыс шығарды
Ақтөбеліктер «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып жатыр. Қала тұрғындары бүгін шаһар аумағынан 120 тонна қоқыс шығарды. Аудандарды айтпағанда, тек облыс орталығының өзінде сенбілікке 1000-нан аса адам қатысты. Олардың арасында мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері де бар. Көптің күшімен орталық саябақ, «Ғашықтар аллеясы», триатлон саябағы мен басқа да демалыс орындарының аумағы күл-қоқыстан тазартылды.
Бижан Қалмағамбетов, облыстық мәслихат депутаты:
«Таза Қазақстан - таза қала» акциясы бойынша бүгін ақтөбеліктердің барлығы сенбілікке шықты. Біз де өз ұжымымыз, яғни депутаттар және әкімшілік аппараты осы бізге белгіленген паркте тазалықпен айналысамыз. Жалпы Ақтөбе қаласы жылдан-жылға көркейіп келе жатыр. Бірақ осы өзіміздің жұмысымызбен өскелең өсіп келе жатқан ұрпақты қаламызды таза ұстауға шақырамыз.
Шымкенттіктер де «Таза Қазақстан - таза қала» акциясы аясында қаланы тазалауға белсене атсалысты. 200-ге жуық адам мегаполистің оңтүстік бөлігіндегі жол бойын қоқыстан тазартты. Олар бұл жұмысқа кіріспес бұрын, аймақты дронмен шолып шыққан. Осы төңіректің жиі ластанатынын байқаған. «Аманат» партиясының өкілдері қала тұрғындарымен бірге айналаны күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Лаура Бораш,«Жастар рухы» ЖҚ белсендісі:
Бұндай шараларға қатысып жүргенімізге біршама уақыттар болып жатыр. Және де қатарымызға қосылып жатқан ерікті жастар саны да көбеюде. Қаламызды таза ұстауға барша қала тұрғындарын шақырамыз. Өзіміздің таза Қазақстанды, таза Шымкентті таза ұстайық. Әрі қарай осы акцияны жалғастыратын боламыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07