Ақтөбеде екі студент пен оқушы суға батып кетті
Ақтөбеде соңғы екі тәулікте үш адам суға батып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерге шомылған. 17 жастағы бозбаланың денесі Қарғалы өзенінен,1,5 метр тереңдіктен табылды. Оның шаһардағы мектептердің бірінің жоғарғы сынып оқушысы екені белгілі болды. Ал кеше бір мезетте тағы екі адам дәл осы өзенге батып кетті. Олардың екеуі де студент. Біріншісінің денесін құтқарушылар алып шықса, екіншісін ұзақ іздеуге тура келген. Оны еріктілер тауып алды. Құқық қорғаушылар күнделікті рейдтік шараларды күшейтіп жатыр. Жағалауда үлкендердің қарауынсыз жүрген және арнайы орындардан тыс жерлерде шомылған балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03