Түркия биылғы Құрбан айтта 9 күн демалады
Түркия биылғы Құрбан айтта 9 күн демалады. Жалпыхалықтық демалыс маусымның 23 күні бітеді. Жылдағы әдет бойынша түркиялықтар Құрбан айтта туған жерлеріне барып, үлкендердің батасын алады. Жолаушылардың көптігінен жолдарда кептеліс пайда болды. Ел аумағында қосымша ұшақтар, пойыздар мен қалааралық автобус рейстері ашылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 32 мыңнан аса полиция қызметкері жұмысқа шықты.
Әли Йылмаз, Жол қауіпсіздігі басқармасы басшысының орынбасары:
Көлік саныкүннен күнге көбейіп жатыр. Оқушылардың каникулы мен Құрбан айт қатар келгендіктен демалуға шыққан адамдар өте көп. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында үлкен жолдардың барлығында қосымша жылдамдық өлшеу құралдары қойылды. Жолаушылардан жолда абай болуларын, шаршаса демалып, өзінің де өзгенің де өміріне қауіп төндірмеуін сұраймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22