Түркияда орман өрті өршіп тұр
Түркияда жыл басынан бері 881 рет орман өрті шыққан. Биылғы жаз аптап ыстықтармен басталды. Осының кесірінен елдің әр түкпірінде орман өрті тыйылмай тұр. Мамандар күн сайын шамамен 19 жерде орман өрті шығатынын айтады. Бірнеше күн бұрын Адана аймағында 10 гектар орман алаңы күлге айналса, Анталия мен Денизлиде ондаған гектар жерді от шарпыған. Ал Измирде орман өртімен күресте бір арнайы техника жүргізушісі қайтыс болды. Мамандар биылғы жаздың ыстық болатынын ескеріп, орман өртін ерте анықтау үшін әскери ұшқышсыз аппараттарды қолдана бастады.
Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
Тек қана маусым айының басынан бері ел аумағында 263 орман өртін сөндірдік. Жаз басталғалы күн сайын орта есеппен 19 орман өрті шығады. Кеше бір күнде ғана 28 рет орман өрті тұтанды. Бұлардың көпшілігін біздің мамандар бастала салысымен өшіріп үлгерді. Тек сегіз орман өрті өте ауқымды болып, сөндіру бірнеше сағатқа созылды.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22