Ресейдің 4 облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Ресейдің 21 өңірінде орман өрті дес бермей тұр, төрт облыста төтенше жағдай режимі жарияланды.
Индира Бегайдар, тілші:
Саха Республикасы, Ленинград, Свердлов облыстарында орман өртімен күрес жалғасуда. Бір күнде 100-ден астам өрт тіркелген. Сонымен қатар, елімізбен шекаралас Алтай өлкесі, Түмен және Самара облысында да 3000-нан астам маман тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылды.
Мирослав Пивень, Самара облысы бойынша ТЖМ басқармасының баспасөз қызметінің басшысы:
Самара облысында орман өрті ауыздықталды. Алайда мамандардың айтуынша, 17-24 маусым аралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Ресейде тілсіз жаудан соңғы 10 жылда 23 млн гектарға жуық орман жойылған. Орташа есеппен, бір жылда орман өртінен келетін шығын 20 миллиард рубльден асады. Сондықтан өртке салғырт қарағандарға жазаны күшейту мәселесі қаралып жатыр.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22