Дәрігерлердің құқығын қорғау үшін заңға өзгеріс енеді
Ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылдық жерге көшіп барған мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында айтылды. Жиынға ел аумағынан дәрігерлер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылары сынды 300-ден астам маман бас қосты. Отырыста сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жуырда денсаулық сақтау заңнамасына енгізілген түзетулерге назар аударды. Заңда медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар әлеуметтік кепілдіктер қарастырылып, олардың құқығын қорғау жұмысы күшейтілуде.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Мемлекет басшысының ұсынысымен Жаңа Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері құрметті атағы, мемлекеттік наградасы енгізілді. Бұл атақ үшін 4 млн теңге ақшалай сыйлықтар қарастырылған. Халық қоғам дәрігерлеріміздің ерен еңбегін бағалап қана қоймай, олар туралы егжей-тегжейлі білу керек деп біз санаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04