Қазақстан мен Алтай Республикасының арасында тауар айналымы артты
Қазақстан мен Алтай Республикасының арасында тауар айналымы артты. 2022 жылы алыс-беріс көлемі 25 млн доллар болса, былтыр бұл көрсеткіш 45 млн доллардан асты. Іргелес аймақпен бірлескен кәсіпорындардың санын көбейту жоспарланып отыр. Туризм, мәдениет, білім салаларында да ынтымақтастық жоғары. Еліміздің Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Алтай республикасына жұмыс сапары барысында әріптестікті тереңдету мәселесін қозғады. Бүгінгі күні республикада 12 мыңнан астам қандас тұрады, 6 қазақ ұйымы бар. Тараптар әлеуетті толық пайдаланып, көлік-логистика саласында да ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22