Президент Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады. Кездесуде есірткі бизнесіне қарсы күреске қатысты ақпарат алу, үздік тәжірибелерді насихаттау бағытында Комиссиямен қарым-қатынас жасау мәселелері талқыланды.
Александр Квасьневский есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты. Сөз соңында, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және есірткіні заңсыз таратуға қарсы күресу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05