Қазақстанда тәуелсіз кассациялық сот құрылады
Жаңа заң қабылданса, Жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Еліміздегі білікті заңгерлердің өзі, бұл жүйе заңға енгізілсе қарапайым халық үшін тиімді тұстары өте көп дейді. Бүгін Мәжілісте сот жүйесін реформалау бойынша заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды.
Әкімшілік істерге экстерриториялдық соттылық енгізіледі. Аты айтып тұрғандай, экс-аумақтық. Бұл дегеніміз – істі өзге өңірдің соты қарайды. Мысалы, Астана сотында қаралуы тиіс әкімшілік іс басқа қаланың сот қарауына жіберіледі.
Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әкімшілік істер бойынша экстерриториялдық қағидаты – бұл ұзақ жылдар бойы сот жүйесіне сыбайлас жемқорлық жолымен, әкімдер мен құзырлы органдардың сотқа қысым көрсету арқылы өзіне қажетті сот шешімін шығарып алу практикасына тосқауыл жасайды.
Экс ауматтық сот бұған дейін азаматтық істе болған. Енді әкімшілік істе де енгізіледі. Сот жүйесіне мұндай жаңашылдық енгізу тегін емес. Себебі, әкімдікпен соттасатын қарапайым тұрғындардың соттан жеңіліп қалуы жиілеген. Шағым көбейді. Енді, шағымданушы сот пен жергілікті биліктің арасында ымыраластық бар деп күдіктенсе, істі басқа қаланың сотының қарауына жібере алады. Аймақты арнайы жүйе автоматты түрде өзі таңдайды. Ал, тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, аппеляциядан әділдік таппағандар шағымдана алады.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Яғни, барлық 20 облыстан аппеляциядан қаралғаннан кейін олар Елордадағы кассациялық сотқа өзінің бағыты бойынша жүгінетін болады.
Демек, сот төрелігін жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады. Бірақ, Жоғарғы сот ерекше жағдайларда сот шешімін қайта қарауға құқылы.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жоғарғы сот өзінің билігінен әлі де болса айырылғысы жоқ. Бұл қалай тәуелсіз болады. Егер олардың шешімдерін Жоғарғы сот қайтадан бұзып тастай алатын болса? Жоғарғы сот тек ғана аналитикамен қалу керек еді. Бағыт-бағдар береміз, сот практикасын қалыптастырамыз деп айтқан болатын.
Самал Қабышева, тілші:
Яғни, Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан еліміздегі үш сатылы сот, төрт сатылы болып қалыптасып кетеді ме деп қауіптенеді. Сот жүйесін реформалауға қатысты заң жобасында осындай пікірталас болды. Түзетулер мен өзгерістер енгізілген құжат Мәжіліс қабырғасында әлі де талқыланады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14